Бақери Кани: Аймақ елдерімен қарым-қатынасты нығайту Иранның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі
Әли Бақери Кани Ирактың әл-Фатх коалициясының басшысымен кездесуінде Иранның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі аймақ елдерімен қарым-қатынасты нығайту екенін баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары кеше (сәрсенбі) Ирактың Фатх коалициясының басшысы Хади әл-Америмен кездесіп, осы кездесуде: «ИИР Иракты қолдайды және оның барлық одақтастары мен достарының қасында болады»,- деді.
Бақери Кани Иранның ядролық бағдарламасына тоқталып: «Аймақ елдері Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатты екеніне сенімді болуы керек»,- деп қосты.
Ирактың «Әл-Фатх» саяси қозғалысының басшысы да осы отырыста Иран халқының барлық шетелдік қастандықтарға төзімділігін Иран Ислам Республикасының табысының маңызды факторларының бірі деп біліп, Иранның аймақ пен Ирактағы лаңкестікпен күрестегі қолдаушы рөліне, әсіресе шәһид генерал Қасем Сүлейманидің рөліне тоқталды.