Эстехбанның інжір жүйесі ФАО GIAHS тізіміне тіркелді
https://itolqyn.com/news/iran-i70934-Эстехбанның_інжір_жүйесі_ФАО_giahs_тізіміне_тіркелді
Естехбан қаласының  табиғи суарылатын інжір бақтарының  жүйесі дүниежүзінде ФАО GIAHS тізіміне тіркелген.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 07, 2023 16:59 Asia/Almaty
  •  Эстехбанның інжір жүйесі ФАО GIAHS тізіміне тіркелді

Естехбан қаласының  табиғи суарылатын інжір бақтарының  жүйесі дүниежүзінде ФАО GIAHS тізіміне тіркелген.

 

Осы уақытқа дейін Ираннан төрт әлемдік маңызды ауылшаруашылық мұра жүйесі тіркелді. Бірінші  Кашандағы су арнасына негізделген егіншілік жүйесі және екінші және үшінші тіркелген жүйелер  Малайрдағы жүзім өндіру жүйесі және оның өнімдері және Разави Хорасан облысының Гонабад қаласындағы су арнасына негізделген дәстүрлі шафран өсіру жүйесі  және Эстехбанның інжір жүйесі төртінші жүйе ретінде тіркелді.

23 мың гектардан астам інжір бақтары бар Фарс облысындағы Эстехбан қаласы құрғақ інжір егістік алқаптары бойынша әлемде бірінші орынды иеленді. GIAHS-те тіркелетін әрбір ауылшаруашылық жүйесінде азық-түлік қауіпсіздігі, биоәртүрлілік, өсімдіктер мен жануарлардың әртүрлілігі сияқты 5 ерекшелік болуы керек.