Хазірет Әлидің (ғ.с.) имаматының басталуына арналған жалпыхалықтық мереке өтті
Зилхадже айының 18 жұлдызы хазірет Әлидің (ғ.с.) имаматының басталған күні имамның ізбасарлары үшін ұлы күн. Жыл сайын ол Иран мен әлемде түрлі мерекелермен атап өтіледі.
Биыл да былтырғы әдемі дәстүр бойынша «Ғадир 10 шақырымдық дастарханы» имамды (ғ.с.) сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Осы айтулы күні қарт, жас, үлкен, бала - барлығы Теһран көшелеріне шығып, осы көпшілік мерекеге қатысты. «Ғадир 10 шақырымдық дастарханы» мейрамы кеше (жұма) Теһранда Имам Хұсейн (ғ.с.) атындағы алаңынан Азади көшесіне дейін өтті. Бұл жерде 2300 қоғамдық шатырда имам Әли (ғ.с.) ғашықтарына медициналық, әлеуметтік, ойын, ойын-сауық және мәдени қызметтер сияқты түрлі қызметтер көрсетілді. Халыққа әртүрлі тағамдар таратылды. Бұл мейрам Теһраннан басқа исламдық Иранның 24 облысының орталығы мен 70 қаласында өткізілді.