Қалибаф: Ғылым саласына инвестиция салу – Иранның шұғыл қажеттілігі
https://itolqyn.com/news/iran-i70988-Қалибаф_Ғылым_саласына_инвестиция_салу_Иранның_шұғыл_қажеттілігі
Иран Ислам Кеңесінің төрағасы 14-ші халықаралық Фараби фестивалінің жабылу салтанатында елдің ғылыми саласына инвестиция салу қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 10, 2023 14:47 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Ғылым саласына инвестиция салу – Иранның шұғыл қажеттілігі

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы 14-ші халықаралық Фараби фестивалінің жабылу салтанатында елдің ғылыми саласына инвестиция салу қажеттігін қуаттады.

Дүйсенбі күні 14-ші халықаралық Фараби фестивалі гуманитарлық және ислами ғылымдар саласындағы жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Бақер Қалибаф осы рәсімде: «Бүгін Ислам революциясының екінші қадамында Иран ғылым саласына инвестицияға бұрынғыдан көбірек мұқтаж. Ислам революциясының екінші кезеңінде  елге гуманитарлық ғылымдарды қайта оқып, қайта қарау қажет. Біз гуманитарлық бағдарламаларды әзірлеуге мән бермейінше, Батысқа еретін боламыз. Ғылыми саладан дұрыс бағытқа қадам басып, алға ұмтылуға болады»,- деді.