Иран жасөспірімдер арасындағы күрестен Азия турнирінің чемпионы
(last modified Thu, 13 Jul 2023 11:33:47 GMT )
Шіл 13, 2023 17:33 Asia/Almaty
  • 
Иран жасөспірімдер арасындағы күрестен Азия турнирінің чемпионы

Иран командасы 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жасөспірімдер арасындағы күрестен Азия жарысының чемпионы атанды.

 

Иорданияның Амман қаласында өткен күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия турнирінің қорытындысы бойынша 41 келіде Пуия Раджаи, 62 келіде Амир Мұхаммад Фереидуни, 85 келіде Сом Мұхаммади, 38 келіде Беньямин Хазли алтыннан алқа тақты. 44 келі салмақта Мұхаммад Хұсейн Рахимабади, 75 келі салмақта Реза Карими күміс, 48 келі салмақта Армин Гули Голех, 68 келі салмақта Мұхаммад Каземи қола жүлдені жеңіп алды.

Командалық рейтингте Иран 185 ұпаймен чемпион атанса, Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары сәйкесінше 178 және 156 ұпаймен екінші және үшінші орындарда орналасты.