Ұлттық валюталарды айырбастау Шанхай ынтымақтастық ұйымының күн тәртібінде қарастырылуда
Иранның Сауданы дамыту ұйымының Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймағының бас директоры ұлттық валюталарды айырбастау Шанхай ынтымақтастық ұйымының күн тәртібінде екенін баса айтты.
Каве Делири былай деді: «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының маңызды экономикалық күн тәртібінің бірі мүше елдердің ұлттық валюталарын жедел пайдалану және олардың арасындағы есеп айырысу мүмкіндіктерін талқылау болып табылады».
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Деоири: «Ұйымның маңызды басымдықтарының бірі ұйым мүшелері арасындағы банктік және ақша-несиелік мәселелер болып табылады»,- деп сөзін жалғады. Иранның Сауданы дамыту ұйымының Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймағының бас директоры әлем елдерінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына деген оң көзқарасына шазар аудартып: «Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қосылуы жаңа әлемдік тәртіп пен көрегендік тұрғысынан болды»,- деп айтты.