Сақшылар корпусы бас қолбасшысы: Иран Пәкістанның қауіпсіздігін өзінің қауіпсіздігі деп санайды
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Пәкістан армиясының қолбасшысымен кездесуінде осы көрші елдің қауіпсіздігін Иранның қауіпсіздігі деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хұсейн Салами Теһранда генерал Сейед Асим Мунирмен кездесуінде Иран мен Пәкістан шекараларындағы шекаралық қауіпсіздік мәселелерін отаршыл режимнің мұсылмандар арасында қанды алауыздық тудыратын қауіпті саясаттарының жалғасы деп тапты. Генерал-майор Салами Пәкістан армиясының қатысуымен және ынтымақтастығымен екі елдің қауіпсіздік шекарасын экономикалық шекараға айналдыруға дайын екенін айтты.
Бұл кездесуде Пәкістан армиясының қолбасшысы бұл сапарды шәһид болған генерал қажы Қасем Сүлейманидің естеліктерін еске түсіреді деп сипаттап: «Ислам мектебінен бастау алатын Пәкістан мен Иранның екі ұлтының ортақ тұстары екі ел арасындағы бірлік, бауырластық және екі жақты қарым-қатынастардың әртүрлі өлшемде кеңеюіне берік тірек болып табылады»,- деді.