Иран Президенті: Көшпелі халықтарға ерекше көңіл бөлінуі керек
Иран Президенті: "Елдің өндіруші секторының бірі ретіндегі көшпелі халықтарға ерекше көңіл бөлінуі керек және оларға қызмет көрсету және көшпелі өмір салтын сақтау үшін тиісті шаралар атқарылуы тиіс",-деді.
Иран Президенті дүйсенбі күні таңертең Коһкилуйе және Буйерахмад облысына барар алдында сөйлеген сөзінде осы облыс халқының төзімді әрі еңбекқор екенін айтып: "Облыстағы жауапты басшылардың талпыныстарының арқасында бірінші сапарда қабылданған кейбір жобалар орындалды. Осы сапар барысында халыққа тиісті есеп беріледі",-деді.
Иран Президенті осы облысқа екінші сапары барысында алғашқы сапарда талқыланған мәселелерден ауқымдырақ мәселелер қарастырылатынын айтып: "Ол кезде кейбір маңызды мәселелер көтерілген болатын, қазір олар шешілді. Осы сапарда бірінші сапар кезінде қабылданғаннан қалған жобалар қарастырылып, облыстың түрлі секторларына қажетті жаңа мәселелер талқыланатын болады",-деді.
Ибрахим Раиси Коһкилуйе және Буйерахмад облысында ауыл шаруашылығы мен туризм салаларында жақсы әлеуеттер барын айтып: "Облысты дамыту жолында осы әлеуеттерді пайдаланып, халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, олардың үміті мен сенімін арттыруға тырысамыз",-деді.