Иранның Шығыс Әзірбайжан облысынан Қазақстанға тауар экспорты ұлғайды
https://itolqyn.com/news/iran-i71154-Иранның_Шығыс_Әзірбайжан_облысынан_Қазақстанға_тауар_экспорты_ұлғайды
Иранның Шығыс Әзірбайжан облысының өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және сауданы ұйымдастыру сыртқы сауда басқармасының басшысы осы облыстың түрлі тауарларының Қазақстанға экспортының артқанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 18, 2023 13:44 Asia/Almaty
  • Иранның Шығыс Әзірбайжан облысынан Қазақстанға тауар экспорты ұлғайды

Иранның Шығыс Әзірбайжан облысының өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және сауданы ұйымдастыру сыртқы сауда басқармасының басшысы осы облыстың түрлі тауарларының Қазақстанға экспортының артқанын хабарлады.

Мұхаммад Тақи Ханарбар: «Бұл облыстан Қазақстанға 963 мың долларлық тауар экспортталды»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Табриз Сауда Палатасында өткен Қазақстан сауда үстелінің отырысында Ханарбар осы жылдың (1402) алғашқы үш айында облыс пен Қазақстан  арасындағы сауда көлемінің айтарлықтай өскеніне тоқталып: «Облыстың бұл елге жалпы экспорты өткен жылы (1401) шамамен 445 мың долларды құрады»,- деп айтты. Шығыс Әзірбайжан облысы Өнеркәсіп, тау-кен және сауда ұйымының сыртқы сауда бөлімінің басшысы Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелігіне тоқталып: «Қазақстан да Шанхай шарты мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше және бұл жоғары мүмкіндікті байланыс орнатуға пайдалануға болады»,- деп мәлімдеді.

Шығыс Әзірбайжанның Қазақстанға экспортына, әсіресе суық мезгілдерде   құрғақ жемістер мен жазғы өнімдерді, тас және құрылыс материалдарын, кілемдер мен кілем панельдерін экспорттау кіреді.