Амир Абдуллахиан: Иран мен Оман экономикалық қарым-қатынастарды дамыту жолында
https://itolqyn.com/news/iran-i71158-Амир_Абдуллахиан_Иран_мен_Оман_экономикалық_қарым_қатынастарды_дамыту_жолында
Иран Сыртқы істер министрі Омандық әріптесімен кездесуінде соңғы 22 айда Иран мен Оман арасындағы сауда көлемінің 2,5 еседен астам өскенін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 18, 2023 17:35 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен Оман экономикалық қарым-қатынастарды дамыту жолында

Иран Сыртқы істер министрі Омандық әріптесімен кездесуінде соңғы 22 айда Иран мен Оман арасындағы сауда көлемінің 2,5 еседен астам өскенін мәлімдеді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан кеше (дүйсенбі) кешке Бадр бин Хамад әл-Бусаидимен кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихатында: «Жақында екі ел басшыларының келісімдерін жалғастыру мақсатында Иран мен Оманның экономикалық комиссиясы өтеді»,- деді.

Амир Абдуллахиан Парсы шығанағының оңтүстік жағалауындағы елдердің Ресеймен кездесуінің үш аралға қатысты мәлімдемесіне наразылығын білдірді. Ол: «Біз ИИР-ның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы туралы мәселені ешбір тараппен талқыламаймыз. Кеше дипломатиялық арна арқылы Ресей билігінен бұл мәлімдемеге қатысты түсініктеме алдық, бірақ бұл түсініктемелерді жеткіліксіз деп санаймыз»,- деді.

Осы баспасөз мәслихатында Оман Сыртқы істер министрі де ирандық әріптесімен кездесуге оң баға беріп: «Бұл кездесуде Оман сұлтанының Иранға сапары мен Иран президентінің Оманға сапарын талқыладық»,- деді.