Иран АҚШ-тың сардар Сүлейманиге қарсы қылмысына қатысты құқықтық іс қозғауға шешім қабылдады
(last modified Thu, 20 Jul 2023 14:36:50 GMT )
Шіл 20, 2023 20:36 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың сардар Сүлейманиге қарсы қылмысына қатысты құқықтық іс қозғауға шешім қабылдады

Иран Президентінің құқықтық істер жөніндегі орынбасары: "Иран АҚШ-тың сардар Сүлейманиге жасаған террорына қатысты құқықтық іс қозғауға кесімді түрде шешім қабылдады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Деһқан Ирак университеттерінің ұстаздары және заңгерлерімен кездесуінде: "Америкалықтар аймақ пен әлемде лаңкестіктің өзегі болып отыр, қолдары мыңдаған жазықсыз әйел мен баланың қанына малынған. Соған қарамастан өздері адам құқығы туралы уәж айтып, түрлі елдерге адам құқығын бұзды деген сылтаумен санкция салады",-деді.

Иран Президентінің құқықтық істер жөніндегі орынбасары: "Сардар Сүлейманиге қарсы террорға қатысты істе осы қылмысты айыптамайтын кез келген сот өзінің кәсіби және ақлақтық құзыреттілігін жоғалтады",-деді.