Амир Абдуллахиан: Швеция елшісінің Иранға оралуына рұқсат етілмейді
(last modified Sat, 22 Jul 2023 11:23:19 GMT )
Шіл 22, 2023 17:23 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Швеция елшісінің Иранға оралуына рұқсат етілмейді

Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР Президентінің бұйрығына сәйкес, Швецияның жаңа елшісіне осы елдің үкіметі исламдық қасиеттілердің үздіксіз бұзылуымен күресу үшін байыпты шара қолданбайынша, Иранға оралуға рұқсат етілмейді»,- деді.

 

Хұсейн Амир Абдуллахиан Швецияда Құран Кәрімге екінші рет құрметміздік білдіру туралы теледидардан берген сұхбатында былай деп айтты: "Швеция елшісінің Теһрандағы миссиясы аяқталды және ИИР Президенті Ибрахим Раисидің бұйрығына сәйкес, бұл елдің жаңа елшісі Швеция үкіметі маңызды шара қолданбайынша, Иранға кіре алмайды. Иранның жаңа елшісі де бұл елге жіберілмейді".

Бұл шешімнің Швеция үкіметіне жарияланғанын мәлімдеген Амир Абдуллахиан: «Кейбір исламдық елдер жақсы реакциялар көрсетті және исламдық елдермен үздіксіз байланыста бұл қозғалысқа қарсы тұру және Құранның қасиеттілігін сақтау үшін біртұтас және үйлесімді көзқарас жасалады»,- деді.