Иран Әскері мен Сақшылар корпусының теңіз күштері «Әбу Мәһди» қанатты зымырандарымен жабдықталды
Иранның Қорғаныс министрі, Сақшылар корпусы Әскери-теңіз күштері қолбасшысы және Армия Әскери-теңіз күштері қолбасшысының орынбасарының қатысуымен «Әбу Мәһди» зымыраны армия мен Сақшылар корпусы әскери-теңіз бөлімшелері зымырандарына қосылды.
"Әбу Мәһди" - командалық басқару жүйесіндегі зымыранның ұшу жолын жобалауға қатысты бағдарламалық жасақтамадағы жасанды интеллекттен пайда алатын алғашқы ұзақ қашықтыққа ұшатын теңіз қанатты зымыраны. Оның табиғи және жасанды кедергілерден, сондай-ақ жаудың радарлары мен қорғаныс алаңдарынан өту мүмкіндігі бар және әртүрлі бағыттардан шабуыл жасап, нысанаға тигізе алады. Барлық типтегі кемелерді, фрегаттарды және эсминецтерді жою үшін оқтұмсықтағы жойғыш күші жоғары жарылғыш заттарды қолдану «Әбу Мәһди» қанатты зымыранының басқа мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Бұл зымыран сонымен қатар әртүрлі жылжымалы және стационарлық тасымалдаушылардан атуға қабілетті және оның бағыттау және навигациялық жүйесі ұшу кезінде нысананың соңғы орнын жаңартуға қабілетті.