Иран мен Ливия  екіжақты қарым-қатынастарын кеңейтудегі табандылығын қуаттады
(last modified Wed, 26 Jul 2023 10:59:39 GMT )
Шіл 26, 2023 16:59 Asia/Almaty
  • Иран мен Ливия  екіжақты қарым-қатынастарын кеңейтудегі табандылығын қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі мен Ливияның Сыртқы істер министрі екі ел билігінің екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтудегі табандылығын қуаттады.

Iran Press-тің хабарлауынша,  Хұсейн Амир Абдуллахиан  сейсенбі күні Теһранда Ливияның Сыртқы істер министрі Наджла әл-Манқуш ханымды қарсы алып, Ливияда қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнағанына ризалығын білдіріп, ИИР-ның дос ел Ливиямен қарым-қатынастарын кеңейтіп, осы елдің қалпына келуіне көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

ИИР-ның дипломатиялық қызметінің басшысы Ирандағы әйелдердің нақты жағдайын түсіндіру арқылы Батыстың екіжүзді саясаттары мен әйелдер құқығы мәселесін  саяси пайдалануды сынады.

Ливияның Сыртқы істер министрі Наджла әл-Манқуш  Ливияның жоғары мәртебелі қайраткерінің Иранға сапарынан 17 жылға жуық уақыт өткеннен кейін Теһран сапарына ризашылығын білдіріп: «Бұл сапар екі елдің екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы ерік-жігерін көрсетеді»,- деді.