Иранның Экологиялық ұйым басшысы Қазақстанның Ирандағы елшісімен кездесті
Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының басшысы Қазақстан елшісімен кездесуінде Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғауды осы теңіз жағалауындағы бес елдің ортақ келісімі деп мәлімдеді.
Әли Селаджқе кеше Қоршаған ортаны қорғау ұйымында өткен Асхат Оразбаймен кездесуде Иран мен Қазақстанның мәдени және діни ортақтығына тоқталып: «ИИР үкіметінің саясаты дос, көрші және мұсылман елдерімен қарым-қатынасты дамыту болып табылады және дос және бауырлас Қазақстан елімен де жақсы қарым-қатынастарымыз әртүрлі салаларда дами беретініне сенеміз»,- деді. Ол Теһран конвенциясы деп аталатын Каспий теңізінің қоршаған ортаны қорғау конвенциясын осы теңіздің жағалауындағы 5 ел арасындағы ортақ келісім деп сипаттап: «Өкінішке орай, бұл конвенция осы уақытқа дейін нақты нәтижелерге қол жеткізген жоқ. Сондай-ақ осы ассамблеяның мақұлдауымен үстіміздегі жылдың 9 және 10 қыркүйегінде өтетін шаңмен күрес жөніндегі халықаралық конференцияны өткізу Иранға жүктелді. Біздің күтетініміз – бұл конференция әлемнің әртүрлі елдерінен кем дегенде 60 жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысуымен өтеді»,- деп айтты. Қазақстанның Ирандағы елшісі ИИР-ны шаңмен күресу жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуға шақырғаны үшін алғыс айта отырып, Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрінің осы конференцияға қатысуы үшін қажетті жұмыстығ жүргізілетініне тоқталды.