Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
(last modified Fri, 28 Jul 2023 11:29:11 GMT )
Шіл 28, 2023 17:29 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері екіжақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа қатысты маңызды мәселелер бойынша кеңесіп, пікір алмасты.

 

Iran Press-тің   хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан бейсенбі күні Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесуінде екі ел арасындағы ынтымақтастық үдерісінің сындарлы және оң бағытта екенін мәлімдеді. Иранның Сыртқы істер министрі Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ортақ комиссия басшыларының жуырда Астарада өткен отырысын сәтті өтті деп атап: «Әсіресе екі ел арасында теміржол және автомобиль жолдары саласында жақсы келісімдерге қол қойылды»,- деді.

Амирабдуллахиан дүйсенбі күні (31 шілде) Швеция мен Данияда Құран Кәрімді қорлауға қатысты Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының виртуалды отырысының өткізілуіне сілтеме жасап, Еуропа елдеріндегі Құран Кәрімді қорлауды тағы да айыптады.

Әзірбайжан Сыртқы істер министрі де Иран Сыртқы істер министрінің Бакуге жасаған жуырдағы сапарын маңызды деп тауып, Иранның Қарабақ мәселесіне қатысты сындарлы ұстанымдарын жоғары бағалады.

Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері аймақтағы шетелдік күштердің болуы мен араласуын сындарлы емес деп бағалап, елдер мен аймақтық субъектілердің аймақтық мәселелерді шешуіне баса назар аударды.