Иранның Жоғары сот төрағасы: Лаңкестік топтар бір-бірлеп сотқа тартылады
(last modified Tue, 01 Aug 2023 14:23:30 GMT )
Там 01, 2023 20:23 Asia/Almaty
  • Иранның Жоғары сот төрағасы: Лаңкестік топтар бір-бірлеп сотқа тартылады

Иранның Жоғары сот төрағасы лаңкестік топтарға қатысты істер аяғына жеткізілуі керегін айтып: "Революцияның алғашқы жылдарында халық пен мемлекетке қарсы қылмыс жасаған топтардың кешеуілдеп қалған істерін қарау күн тәртібіне қойылды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи кеше, дүйсенбі Сот органының жоғары кеңесінің жиналысында Революцияның басында халық пен мемлекетке қарсы қылмыс жасаған топтардың кешеуілдеп қалған істерін қарау туралы: "Революцияның басында елдегі түрлі әлеуметтік топ өкілдеріне қарсы қылмыс жасаған топтардың істерін қарау үшін арнайы жұмыс тобы мен штаб құрылды",-деді.

Мохсени Ежеи Құранға құрметсіздікті тағы да айыптап: "Мұндай әрекеттер –  қаскүнемдер мен сионистер тарапынан ұйымдастырылған қастандық",-деді.