Сардар Салами: Кез келген қоқан-лоқыға сол сәтте қатаң жауап береміз
https://itolqyn.com/news/iran-i71498
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Иран халқы тірі және барлық кектер мен қоқан-лоқыларға сол сәтте өкінтерлік жауап береді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 02, 2023 18:25 Asia/Almaty
  • Сардар Салами: Кез келген қоқан-лоқыға сол сәтте қатаң жауап береміз

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Иран халқы тірі және барлық кектер мен қоқан-лоқыларға сол сәтте өкінтерлік жауап береді",-деді.

Сардар Салами Әбу Мұса аралында өтіп жатқан "Парсы шығанағының айбыны" атты әскери жаттығуда сөз сөйлеп: "Біз көршілес елдердің тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы, қауіпсіздігі мен тыныштығының сақталуына қаншалықты берік болсақ, шекаралардың қауіпсіздігі, тәуелсіздік пен революциямыздың зор жетістіктерін сақтауға жанымыздан артық маңыз беріп, қасық қанымыз қалғанша күресеміз",-деді.

Сардар Салами: "Аймақтағы мұсылман халықтар мен мемлекеттер бауырластық жағдайында бүкіл аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Бөгде күштердің көмегіне зәру емеспіз",-деді.

Сардар Салами: "Біздің әрдайымғы жолдауымыз мынау: ешбір бөгде күшке аймақта орналасып, мұсылмандардың тағдырын шешуге жол бермейміз",-деді.