НАТО: Ауғанстанда ДАИШ-тың 3 мыңға жуық мүшесі бар
НАТО Ауғанстанда ДАИШ тәкфирлік тобының 3 мыңға жуық мүшесі орналасқанын хабарлады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Кабулдан хабарлауы бойынша, НАТО күштерінің Ауғанстандағы ақпарат өкілі Вильсон Шафтер: «ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстандағы мүшелерінің саны 3 мыңға жуық деп есептелді. Көбінесе бұл тәкфирлік топ осы елдің шығысындағы Нангархар облысының әртүрлі аудандарында орналасқан»,-деді.
Ал Ауғанстан үкіметі осы уақытқа дейін осы елдегі ДАИШ тәкфирлерінің санын жариялаған емес.
Ауғанстан Президенті Германиядағы Мюнхен конференциясында: «Әлемнің ДАИШ-тің құзырына көңіл аудармауы бұл тәкфирлік топтың Ауғанстандағы белсенділігінің артуына себеп болды.
Өткен жылғы отырыста әлем елдері басшыларына ДАИШ-тың қатері туралы ескерттім, бірақ кейбіреулер бұл қатерді әлемнің назарын Ауғанстанға аударуға талпыну деп түсінді»,-деп мәлімдеді.