Әбу Мұса аралында Сақшылар корпусы теңіз күштерінің әскери жаттығуы өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i71506-Әбу_Мұса_аралында_Сақшылар_корпусы_теңіз_күштерінің_әскери_жаттығуы_өтті
Әбу Мұса аралын қорғауға арналған әскери жаттығуда жасанды интеллектпен басқарылатын ұшқышсыз ұшақтар мен кемелер қолданылды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 02, 2023 22:27 Asia/Almaty
  • Әбу Мұса аралында Сақшылар корпусы теңіз күштерінің әскери жаттығуы өтті

Әбу Мұса аралын қорғауға арналған әскери жаттығуда жасанды интеллектпен басқарылатын ұшқышсыз ұшақтар мен кемелер қолданылды.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы теңіз күштерінің имам Мұхаммед Бағер (ғ.) гарнизонының қолбасшысы сардар Азмаи: "Бұл жаттығуда Әбу Мұса аралын қорғау үшін шәһид Ходжаджи атындағы арнайы бөлімшенің 600 км ұзақтыққа ұшатын зымырандармен жарақталған кемелері қатысты",-деді.

Ол: "Әскери жаттығуда басидж жауынгерлері ұшақтар, ауыр және жеңіл кемелердің көмегімен аралға жылдам жеткізілді",-деді.

Сардар Әли Азмаи: "Жауынгерлер әуе және теңіз арқылы аралға жеткеннен кейін оны қорғау үшін алдын ала белгіленген позицияларға орналастырылды",-деді.

Сардар Әли Азмаи: "Осы жаттығудың маңызды ерекшеліктерінің бірі –  дамытылған жасанды интеллектпен басқарылатын ұшқышсыз ұшақтар мен кемелердің қолданылуы",-деді.