Сот органының төрағасы: Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар ДАИШ-ты құрды
https://itolqyn.com/news/iran-i7159-Сот_органының_төрағасы_Адам_құқығын_қорғаушымыз_деп_уәж_айтушылар_ДАИШ_ты_құрды
ИИР Сот органының төрағасы: «Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар аймақта ДАИШ лаңкестік тобын құрды»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 10, 2016 18:08 Asia/Almaty
  • Сот органының төрағасы: Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар ДАИШ-ты құрды

ИИР Сот органының төрағасы: «Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар аймақта ДАИШ лаңкестік тобын құрды»,-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сот органының төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот саласының жоғары лауазымды қайраткерлерінің отырысында: «Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылардың өздері аймақта ДАИШ-ты құрып, оларға дамыған қару-жарақ пен зымырандар сатып, осы жолмен әлемге исламнан үркіту жобасын таратып отыр»,-деп сөзін жалғады.

Аятолла Амоли Лариджани: «Ислам революциясының жетекшісі өзінің ерекше қырағылығымен үстемшіл елдердің мақсаттары мен теріс пиғылдарын түсіндіріп, ескерту жасады»,-деді.

Аятолла Амоли Лариджани Сақшылар және Ардагерлер күнімен құттықтап: «ИИР-ның сақшылары – Иран жүйесі мен халқының мақтаныштары. Қасиетті қорғаныс жылдары мен барлық джиһадтық майдандарда, тіпті ИИР-ның шекараларынан тыс жерде олар әрдайым жапа шеккендер мен мақрұм қалғандарды қорғап келді»,-деп сөзін жалғады.