Там 14, 2023 03:46 Asia/Almaty
  • Ақпараттық әділеттікті сақтау – Телерадио бірлестігінің Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің он төртінші сайлауына қатысты маңызды стратегиясы

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Пейман Джебели бейсенбі күні кешке "Арнайы сұхбат" бағдарламасына қатысып, ұлттық телерадио бірлестігінің әлеуеттеріне тоқталып: "Телерадио бірлестігі Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің он төртінші сайлауында соңғы кезеңге жеткен үміткерлерге қатысты әділетті қатынас ұстанады",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі видео, аудио және виртуалды кеңістіктегі әлеуеттерін пайдаланып, бәсекеге қабілетті салауатты орта қалыптастырып, халықтың сайлауға жаппай қатысуына жағдай жасауда маңызды рөл ойнайды.

Пейман Джебели айтып отырған ақпараттық әділеттік – Телерадио бірлестігінің он төртінші парламенттік сайлауда ұстанатын ең маңызды стратегиясы.

Пейман Джебелидің түсіндіруінше, ақпараттық әділеттік – сайлаудың соңғы кезеңіне жеткен үміткерлерге үгіт-насихат жасауға кеңістік беру. Бірақ Иран Телерадио бірлестігі ешбір саяси ағымға қосылмайды, жарнама үшін ақша алмайды. Бұл үміткерлер білікті әрі өз ісінің маманы. Олар  Ислам Кеңесі Мәжілісінде жұмыс істеуге қажетті білімге ие деп санайды.

Ақпараттық әділеттік туралы мұндай сипаттама Иран Телерадио бірлестігінің сайлауды саясиландырудан алшақ болып, барлық үміткерлерге үгіт-насихат жүргізуге мұрсат беруге жаңа стратегия қабылдағанын білдіреді.

Иран Телерадио бірлестігінің бұл қатынасын он төртінші парламенттік сайлауға қатысты жасампаз бастамасы деп айтуға болады.

Телерадио бірлестігі үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихатқа барынша қатысуға жағдай жасап, мықты та білікті Мәжіліс құруға атсалысады.

Телерадио бірлестігінің парламенттік сайлауға қатысты ақпараттық әділеттікті сақтауы туралы маңызды жайттардың бірі мынау: көбіне 6-7 үміткер қатысатын президенттік сайлауға керісінше парламенттік сайлауға бірнеше мың адам қатысады. Ислам Кеңесі Мәжілісінің он төртінші сайлауына қатысатын үміткерлер санына қатысты жаңа рекорд тіркелетін сыңайлы. Парламенттік сайлау ұлттық деңгейде өтетін болған соң және жергілікті болмысқа ие болғандықтан Телерадио бірлестігі облыстардағы әлеуетін ақпараттық әділеттікті орындауға және аз танылған үміткерлерді таныстыруға   қолданады.

Маңызды жайт мынада: президенттік сайлау тәжірибесі көрсеткендей, Телерадио бірлестігінің әлеуетін пайдалану үгіт-насихатқа кететін шығынды азайтуға жағдай жасап, асыра сілтеушілікке жол бермейді.    

Осы тұрғыдан Телерадио бірлестігінің ақпараттық әділеттігі білікті адамдарды анықтауға көмектесумен қоса, максималды түрде қатысуға және салауатты бәсекелестікке жағдай жасап, үміткерлердің орасан зор қаражат жұмсауының алдын алады. Өйткені жұмсалған қаражат кейде үміткерлердің Мәжіліске кіргеннен кейін кейбір ағымдар мен экономикалық ұйымдарға қарыздар болып қалуына әкеліп соқтырады.   

Тегтер