Шахшырақ оқиғасына қатысты 4 күдікті ұсталды
https://itolqyn.com/news/iran-i71738
Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының әділет басқармасының басшысы Шахшырақ кесенесіндегі лаңкестік оқиғаға қатысы бар деген 4 күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 14, 2023 22:13 Asia/Almaty
  • Шахшырақ оқиғасына қатысты 4 күдікті ұсталды

Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының әділет басқармасының басшысы Шахшырақ кесенесіндегі лаңкестік оқиғаға қатысы бар деген 4 күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Мусави кеше кешке Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылға қатысты істің қазіргі жағдайы туралы: "Осы сәтке дейін жүргізілген тексерістер бойынша аталмыш оқиғаға қатысты 4 күдікті ұсталды",-деді.   

Мусави: "Кесенеде оқ атқан басты лаңкес бірден ұсталып, тергеуге алынды. Оны тергеу жалғасып жатыр",-деді.

Фарс облысының әділет басқармасының басшысы: "Өкінішке қарай, осы оқиғада жараланғандардың бірінің жағдайы ауыр",-деді.