Амир Абдуллахиан: Иранның шетелдегі активтерін босату және тұтқындармен алмасудың арасында еш байланыс жоқ
https://itolqyn.com/news/iran-i71762-Амир_Абдуллахиан_Иранның_шетелдегі_активтерін_босату_және_тұтқындармен_алмасудың_арасында_еш_байланыс_жоқ
Иран Сыртқы істер министрі тұтқындармен алмасудың толығымен гуманитарлық іс екенін айтып: "Шетелдік банктерден Иранның активтерін босату және тұтқындармен алмасудың арасында ешқандай байланыс жоқ",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 15, 2023 21:53 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі тұтқындармен алмасудың толығымен гуманитарлық іс екенін айтып: "Шетелдік банктерден Иранның активтерін босату және тұтқындармен алмасудың арасында ешқандай байланыс жоқ",-деді.

Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні Iran Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Иран соңғы айларда АҚШ-пен тұтқындармен алмасу және бұғатталған активтерді босату туралы жанама түрде келіссөздер жүргізіп, хат алмасты. ИИР ешқашан кішігірім келісімге ұмтылған емес",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Иран – америкалықтармен келіссөздерде талапкер, өйткені осы елдің біржақты әрекеті салдарынан Иран халқының активтері бұғатталды",-деді.