Иранның Жоғары сот төрағасы: Халық пен зияратшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек
(last modified Tue, 15 Aug 2023 16:43:54 GMT )
Там 15, 2023 22:43 Asia/Almaty
  • Иранның Жоғары сот төрағасы: Халық пен зияратшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек

Иранның Жоғары сот төрағасы қасиетті жерлерде халық пен зияратшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керегін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Гұламхұсейн Мохсени Ежеи дүйсенбі күні Жоғары сот кеңесінің жиналысында Ширазда Ахмед бен Мұсаның (ғ.) кесенесінде болған лаңкестік оқиғаны айыптап, шәһид болған адамның жанұясына көңіл айтып: "Қылмыскермен қоса, осы лаңкестік оқиғаға қатысы бар адамдар, соның ішінде ұйымдастырушылар, лаңкеске пана мен қару-жарақ беріп, дайындағандарды ұстап, заң алдында жауапқа тартуға бар күшімізді саламыз",-деді.

Мохсени Ежеи сондай-ақ Исламдық қарсыласудың сионистік режиммен 33 күндік соғыста жеңіске жеткен күніне орай: "33 күндік соғыс Ливанның аумақтық тұтастығын сақтаумен қоса, қарсыласу өзегінің жұмысына жаңа қарқын берді",-деді.