Террор жасау – дұшпанның жеңіліс тапқан тәсілінің қайталануы
(last modified Tue, 15 Aug 2023 20:05:27 GMT )
Там 16, 2023 02:05 Asia/Almaty
  • Террор жасау – дұшпанның жеңіліс тапқан тәсілінің қайталануы

Өткен жылы Шираздың Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылдан шамамен 10 ай өткенде кесенеге тағы да шабуыл жасалды. Соның салдарынан бір қызметші шәһид болып, 8 адам жараланды.

Шахшырақ лаңкестік оқиғасын дұшпанның Иранда қоғамдық қауіпсіздікті бұзып, ИИР жүйесін әлсірету үшін жасаған талпынысы деп бағалауға болады. Соңғы жылдары АҚШ, сионистік режим, Батыс пен аймақтағы кейбір елдер Иранға қарсы біріккен соғыс аясында талпыныстарын жалғастырып жатыр.

Иранда лаңкестік әрекеттер жасау, халықтың қоғамдық және психологиялық қауіпсіздігін бұзу дұшпандардың бірлескен соғыста елде бейбітшілік орнатпауға және наразылық отын өшірмеуге арналған жобаларының бірі саналады. Өткен жылы дұшпандардың жоспарлауы және арандатуымен басталған наразылықтар халықтың қырағылы, қауіпсіздік және барлау күштерінің іс-шараларының арқасында басылды. Елде бүлік шығарып, елді бөлшектеуге бағытталған қастандықтар жеңіліс тапты. Қазіргі таңда дұшпандар Шахшыраққа лаңкестік шабуыл жасау арқылы өздерінің сұрқия мақсаттарына жету үшін әсіресе діни орындарда террор жасап, халықты өлтіруге дайын екенін көрсетті.

Лаңкестер мен олардың демеушілері көздеген мақсаттардың бірі – Иран үкіметінің қауіпсіздікті сақтауға шамасы келмейді деп сендіру. Өйткені лаңкестік шабуылдардың жалғасуы және қоғамда тұрақсыздық тудыру халықтың психологиялық тыныштығын бұзады. Соның нәтижесінде кейбір адамдар Иран үкіметі елде қауіпсіздікті сақтауға қажетті күш-қабілетке ие емес деп сеніп қалуы мүмкін.  

Тағы бір маңызды нәрсе, адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын халықаралық ұйымдар мен Батыс елдерінің Ирандағы лаңкестік оқиғаларға қатысты үнсіздігі мен әрекетсіздігі, халықаралық  қауымдастықтың, әсіресе адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын елдердің терроризм деген сұрқия құбылысқа қатысты үнсіздігі және бұл мәселеге екіжүзді қатынасы шын мәнінде лаңкестік шабуылдардың жалғасуының басты себебі болып отыр.