Шахшырақ кесенесіне лаңкестік шабуыл жасаған Наурызов ДАИШ-пен қалай байланысқан?
Там 16, 2023 22:23 Asia/Almaty
Шахшырақ кесенесіне лаңкестік шабуыл жасаған Рахматулла Наурызовтың лақап аты – Салман Исламйар. Ол әлеуметтік желі арқылы ДАИШ мүшелерінің бірімен байланыс орнатқан.
"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Рахматулла Наурызов ДАИШ-пен тікелей әріптестік жасау үшін Түркияға барып, іс жүзінде осы лаңкестік топқа қосылған.
Ұлты тәжік Рахматулла Наурызов Түркиядан Ауғанстанға барып, сол жерде 3 ай ДАИШ тобында лаңкестік әрекет жасауға машықтанған. Содан соң Иранға келіп, лаңкестік қылмыс жасаған.
Иранның қауіпсіздік қызметі осы лаңкестен алынған мәлімет негізінде елде оған көмектескен желіні анықтап, оған соққы беруді көздеп отыр.
Тегтер