Там 16, 2023 23:13 Asia/Almaty
  • Иран барлық ислам елдерімен жан-жақты тату қатынас жасауды қалайды

Иран Жоғары сотының төрағасы: "ИИР барлық ислам елдерімен жан-жақты тату қатынас жасауды қалайды",-деді.

Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи Al-Mayadeen арнасына берген сұхбатында Батыс елдерінің ислам елдері арасында қарым-қатынастың нығаюын қаламайтынын айтып: "Ислам елдері басқа ислам елдерімен ауқымды тату қатынас орнатуда қырағы болуы тиіс",-деді.  

Иран Жоғары сотының төрағасы АҚШ пен сионистік режимнің лаңкестік топтарды ашық та жасырын түрде қолдап отырғанын айтып: "АҚШ пен сионистік режимнің қылмыскер қолы Батыс Азия аймағы елдеріндегі көптеген террорлар, қылмыстар мен қираулардан айқын көрінеді",-деді.

Мохсени Ежеи "Егер АҚШ Иранмен келісім жасау үшін Теһран үкіметіне қарсыласу өзегін қолдаудан бас тарт деп шарт қойса, Иран мұны орындай ма?" деген сұраққа жауабында: "АҚШ Иранға шарт қоятындай жағдайда емес. Иран қарсыласу өзегін қолдайды және Палестина мәселесін ешбір мұсылман бейжай қарай алмайтын маңызды тақырып санайды",-деді. 

Тегтер