Раиси: Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар ешбір заңға бағынбайды
(last modified Sat, 19 Aug 2023 17:06:59 GMT )
Там 19, 2023 23:06 Asia/Almaty
  • Раиси: Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар ешбір заңға бағынбайды

Иран Президенті соғыс тұтқындарының елге қайтып оралған күнінің жылдығында Еуропа түрмелерінен жуырда босап шыққан дипломат Асадулла Асадидың үйінде болып: "Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар ешбір заңға бағынбайды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси осы кездесуде ирандық дипломат пен оның жанұясын осы ауыр сынақтан сәтті шығуымен құттықтап: "Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар ешбір заңға бағынбайтынын тағы көрсетті. Олар ирандық дипломаттың иммунитетін ашық түрде бұзу арқылы халықаралық заңдар, ережелер мен принциптерді аяқ асты етті",-деді.

Осы кездесуде Асадулла Асади де Иран Президентіне өзінің Германия мен Бельгия түрмелерінде тұтқында болған кезі туралы баяндап берді.