Швейцарияның уақытша сенімді өкілі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды
(last modified Tue, 29 Aug 2023 08:46:50 GMT )
Там 29, 2023 14:46 Asia/Almaty
  •  Швейцарияның уақытша сенімді өкілі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Швейцарияның уақытша сенімді өкілінің Ислам республикасы Сыртқы істер министрлігіне шақырылғанын хабарлады.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани АҚШ-тың Техастағы Иран  мұнайын тоқтату және босату әрекеті туралы: "Швейцария елшісі болмағандықтан осы елдің уақытша сенімді өкілі АҚШ мүдделерінің қорғаушысы ретінде ИИР Сыртқы істер министрлігіне шақырылды және бұл мәселеге қатысты оған наразылық білдірілді. Осыған байланысты Швейцария елшілігіне Иранның екі ресми наразылық нотасы берілді,- деді.

Жақында америкалық БАҚ Техас жағалауында тәркіленген ирандық мұнайды түсіріп, басқа мұнай танкеріне тиегенін хабарлады. Ассошэйтед Пресс ақпарат агенттігі осыған байланысты Иран мұнайын тасымалдаған және Техас жағалауында бірнеше ай бойы тоқтатылған "Суэц Раджан" мұнай танкерін босату  операциясының басталғанын хабарлады.