Иранның Денсаулық сақтау министрі: Иран әлемдегі денсаулық сақтау саласындағы табысты үлгілердің бірі
(last modified Tue, 29 Aug 2023 10:12:39 GMT )
Там 29, 2023 16:12 Asia/Almaty
  •  Иранның Денсаулық сақтау министрі: Иран әлемдегі денсаулық сақтау саласындағы табысты үлгілердің бірі

 Иранның Денсаулық сақтау министрі:  «Иран әлемдегі табысты денсаулық үлгілерінің бірі",- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша,  Бахрам Айнуллаһи сейсенбі күні Теһранда өткен елдердің елшілері мен халықаралық ұйым өкілдерінің отырысында елде қажетті дәрі-дәрмектің 95 пайыздан астамын өндіруге тоқталып: "Иранның денсаулық сақтау жүйесі жоғары сапалы, сондықтан сауықтыру туризмін талқылауда созылмалы дертке шалдыққан бір миллион 200 мыңға жуық шетелдік науқас Иранда емделді",- деп мәлімдеді. Айнуллаһи Иранның вакцина өндірісінде өзін қамтамасыз ететінін және   коронавирусқа қарсы 6 вакцинаның Иранда өндірілетінін айтып: «Басқа елдердің 35 денсаулық сақтау министрімен жүргізілген келіссөздерде жақсы жақындасу жолға қойылды, үкіметтің саясаты дос және көрші елдермен көбірек ынтымақтастық орнату болып табылады және денсаулық сақтау саласы бұл салада маңызды рөл атқара алады",- деді.