Там 30, 2023 19:15 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Үкіметтердің мақсаты Алланың разылығына ие болу және халық үшін жұмыс жасау болуы керек

Раджаи мен Бахонардың шәһид болған күнінің жылдығына және үкімет апталығына орай президент пен үкімет делегациясының мүшелері бүгін (сәрсенбі) таңертең Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті.

 

Аятолла Хаменеи осы кездесуде Алланың разылығын іздеу мен халық үшін еңбек етуді осы екі асыл шәһидтің екі маңызды сипаты  атап: "Раджаи мен Бахонар  адамдар үшін жұмыс істеуді Алланың разылығына себеп болады деп санады. Бұл негізгі мақсат олардың барлық қызметіне және жұмыстарына әсерін тигізді. Сондықтан исламдық жүйедегі барлық үкіметтердің мақсаты Алланың разылығын алу және халық үшін жұмыс жасау болуы керек",- деді. 

Ол діни жетекшінің әртүрлі көзқарастар мен қабілеттерге ие барлық үкіметтерді қолдауына тоқтала отырып, атқарушы билікке көмектесуді ортақ міндет деп санап: "Бұл үкіметтің екі жылдық жұмысы мақтауға тұрарлық, бірақ, өкінішке орай, үкіметтің БАҚ тілінің жеткіліксіздігінен оның игі істері халық санасында қажетті және лайықты түрде көрініс таба алмады",- деп сөзін жалғады.

Аятолла Хаменеи үкіметтің сыртқы саясат, соның ішінде көршілермен қарым-қатынас саясаты саласындағы қызметін жоғары бағалап: «Ешқандай көршімен қақтығыс болмау керек, егер қақтығыс болса, оны ынтымақтастыққа айналдыру үшін  бұл салада жасалған қадамдарды жалғастыру керек ", -деп баса айтты. Ол Иранмен қарым-қатынаста болуды қалайтын барлық үкіметтермен қарым-қатынастарын 13-ші үкіметтің басқа басты саясаттарының қатарында атап, былай деді: "Екі халықаралық келісімге мүше болу өте маңызды міндет болды, бұл елдің халықаралық келісімдердің негізін қалаушылардың Иранмен байланысқа ықылас танытып, кейде табандылық танытатын жағдайда екенін көрсетеді. Олар өздерінің есептеулеріне сүйене отырып және Иранның шынайлылығын ескере отырып, біздің елмен байланыс орнатуды қажет деп санайды".

 

Тегтер