Канани: Сионистік режиммен ымыраға келу Палестина мақсатына кедергі тудырмайды
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің Манамадағы елшілігінің жаңа штаб-пәтерінің ашылуына қатысты: «Исламдық мемлекеттердің қылмыскер сионистік жетекшілермен қол алысу аз ғана ымырашыл әрекеті Палестина халқының өз жерінің азаттығына ұмтылуына кедергі келтірмейді",- деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани сионистік режимнің Сыртқы істер министрінің Бахрейнге сапарына қатысты: «Сионистік режим терең және артып келе жатқан ішкі дағдарыс пен халықаралық және адам құқығы топтары мен форумдардың осы режимнің палестиналықтарға қарсы күнделікті қылмыстарына қатысты қарсылық пен сынның таралуына байланысты әлсіздік, азғындау және күйреуімен бетпе-бет келіп отырған жағдайында, ислам елдерінің Құдсты басып алған режиммен кез келген ымыраға келу әрекеті саяси хикметтен алыс және бұл елдердің Палестина халқының ажырамас құқықтарын қолдау жөніндегі гуманитарлық, моральдық және халықаралық міндеттеріне қайшы келеді. Ислам елдері үкіметтерінің әл-Құдстың басқыншы режимімен бітімгершілік әрекеттері олардың халықтарының еркіне еш қатысы жоқ",- деп мәлімдеді.