Қыр 12, 2023 11:25 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ливиядағы дауыл мен су тасқынынан кейін осы елдің халқына көңіл айтты.

 

Насер Канани кеше (дүйсенбі) Ливияның бір бөлігінде дауыл мен су тасқынының орын алуына, осы елдің көптеген азаматтарының қаза болуы мен жоғалып кетуіне өкініш білдіріп, Ливия халқы мен үкіметіне көңіл айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ливия халқы мен үкіметіне, әсіресе осы табиғи апат құрбандарының отбасыларына көңіл айтып, қайтыс болғандарға Алладан рақым, кешірім, зардап шеккендерге денсаулық тіледі. 

Ресми дереккөздерге қарағанда, Ливиядағы су тасқынынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 5  мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалған.

 

Тегтер