Қыр 16, 2023 15:17 Asia/Almaty
  • Хазірет имам Резаның (ғ.) шәһид болған күніне орай көңіл айтамыз

Исламдық Иранда шиіттердің сегізінші имамы хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның(ғ.) шәһид болған күнінің жылдығында аза тұту рәсімдері өтіп жатыр.

Бүгін, сенбі х.қ.ж.с.б. 1445 жыл 30 сафар, сәйкесінше х.ш.ж.с.б. 1402 жыл 25 шахривар, 16 қыркүйек – хазірет имам Резаның (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығы.

Имам Реза(ғ.) х.қ.ж.с.б. 148 жылы Мәдина қаласында дүниеге келген. Танымал рауаятқа сәйкес, х.қ.ж.с.б. 203 жылы сафар айының соңғы күнінде шәһид болған.  

Хазірет Резаның (ғ.) имамат еткен кезеңінде халық Әһл-е бейтке бет бұрып, діни-халықтық орталықтар құру шарықтау шегіне жетті.

Халық әлем шиіттерінің сегізінші имамы хазірет Резаға(ғ.) көптеп бет бұрғаннан кейін Аббас халифі Мамун қасқандық ұйымдастырып, хазіретті улап өлтірді.   

Тегтер