Қыр 16, 2023 15:43 Asia/Almaty
  • Мешхедтегі имам Реза(ғ.) кесенесінде осы хазіреттің шәһид болған күнінің жылдығы қарсаңында құтпа оқылды

Имам Резаның(ғ.) шәһид болған күнінің жылдығы қарсаңында Мешхедтегі имам Реза(ғ.) кесенесінің "Пайғамбар (с.ғ.с.)" алаңында зияратшылар мен қызметшілердің қатысуымен құтпа оқу рәсімі өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Жандардың тыныштығы" атты нұрлы рәсімде Жәлил Ашрафи Құран аяттарын оқып, Мехди Расули жоқтау айтты.

Имам Реза(ғ.) кесенесін басқарушы Ахмад Мәрви бұл рәсімде: "Аһл-е бейттің сипаттарының бірі – шынайы сүю. Олар Құранды, діни құндылықтар мен ізгілікті шынайы сүйген",-деді.

Құтпа оқу рәсімінің соңында Ахмад Ибрахими діни ән айтып, қызметшілер шырақтармен жүріп өтіп, Джафар Ислами шаһадат түнінің құтпасын оқыды.

Құтпа оқу рәсімі – жыл сайын имам Реза(ғ.) кесенесінде Ашура түні мен имам Резаның(ғ.) шәһид болған түнінде өтетін дәстүрлі ғұрып. Рәсімде кесене қызметшілері жағылған шам алып шығып, осы түнге арналған құтпа оқып, жоқтау айтып, имам Резаны(ғ.) аза тұту күндерінің келгеніне байланысты көңіл айтады.   

Тегтер