Қыр 16, 2023 15:59 Asia/Almaty
  • Имам Резаның(ғ.) шәһид болған күнінің жылдығы қарсаңында Мешхедке  4,5 млн зияратшы келді

Хорасан-е Разави облысы әкімінің мәдениет және зиярат жөніндегі орынбасары имам Резаны(ғ.) аза тұту рәсіміне қатысу үшін Мешхедке 4,5 млн зияратшы келгенін хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хорасан-е Разави облысы әкімінің мәдениет және зиярат жөніндегі орынбасары Гонабадинежад: "Сафар айының соңғы күндерінде өтетін аза тұту рәсімдеріне қатысу үшін 4,5 млн зияратшы әуе, темір және тас жолдармен Мешхедке келді",-деді.  

Сондай-ақ, Жаяу зияратшыларға қызмет ету қоғамының баспасөз өкілі Хұсейн Резаи имам Резаны(ғ.) аза тұту рәсіміне қатысу үшін осы күнге дейін Мешхедке келген зияратшылар санын 315 мың адам деп жариялады.

Зияратшылардың жаяу жүрісі шамамен 20 күн бұрын басталған.

Имам Резаның(ғ.) шәһид болған күнінің жылдығымен бір мезгілде Мешхед қаласының айналасындағы аудандық қалалар мен ауылдардың тұрғындары жаяу Мешхедке қарай ағылып, сегізінші имамды(ғ.) аза тұту рәсіміне қатысты.

Тегтер