Раиси: БҰҰ-ның шешімдеріне үлкен державалар ықпал етпеуі керек
(last modified Mon, 18 Sep 2023 05:47:16 GMT )
Қыр 18, 2023 11:47 Asia/Almaty
  • Раиси: БҰҰ-ның  шешімдеріне үлкен державалар ықпал етпеуі керек

ИИР Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының 78-ші Бас ассамблеясының отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке аттанар алдында БҰҰ-ның шешімдері ұлы державалардың ықпалына түспеу керектігін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде осы ұйымның әлемдегі даму, қауіпсіздік, бейбітшілік пен әділеттілікте шешуші рөл атқаратынын әрқашан күткеніне тоқталып: "Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімдері кез келген кемсітушілік пен әділетсіздіктен алшақ және үлкен державалардың ықпалына ұшырамай, әлемде құқық пен әділеттілік талап ететін нәрсенің қалыптасуы үшін қабылдануы керек",- деді.

Раиси әлем елдерімен, аймақтық, аймақтан тыс және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуді ИИР-ның саясатының бір тірегі деп атап: "Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Бас ассамблея Иран Ислам Республикасының көзқарастары мен пікірлерін білдіретін лайықты орын. Иранның көзқарасы – кедейліктен, ядролық қарудан және жаппай өлтіруден, әділетсіздік пен кемсітушіліктен ада әлем. Онда адам қадір-қасиеті ескеріліп, табиғи апаттар мен гегемондық саясаттың кесірінен орын алған апаттардың алдын алу үшін әлемдегі мол мүмкіндіктер пайдаланылады",- деп мәлімдеді.