Канани: Ертең Иран-Ирак қауіпсіздік келісімінің аяқталу күні
(last modified Mon, 18 Sep 2023 09:51:31 GMT )
Қыр 18, 2023 15:51 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ертең (сейсенбі) Иран мен Ирак қауіпсіздік келісімінің аяқталу мерзімі деп жариялады.

 

Насер Канани Iran Press тілшісіне осы келісімнің толық орындалмағанына қатысты сұрағына берген жауабында: "Сепаратистік және террористік қарулы күштер қарусыздандырылып, әскерлер лагерьлерге орналастырылуы керек. Осы уақытқа дейін келісімнің көптеген ережелері орындалды, кейбір штабтар эвакуацияланды және лаңкестер шекарадан алыс және Ирак жерінің тереңіне көшірілді",- деді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ирак үкіметінің міндеттемесі мен екі жақты екпініне сүйене отырып, толық процестің уақытында жүзеге асатынына үміт білдірді. Канани: "Иран қауіпсіздік мәселесінде ымыраға келмейді, Иракпен ортақ шекараның қауіпсіздігі біз үшін маңызды және біз Ирак халқы мен үкіметінің жанындамыз",- деп баса айтты.