Қыр 19, 2023 14:40 Asia/Almaty
  • Associated Press: Теһранда  Криштиану Роналдудың жанкүйерлері қонақүйдің алдында жиналды

Теһраннан тараған хабарда америкалық БАҚ Криштиану Роналдудың Иранға алғаш рет келгенін және оның сансыз жанкүйерлерінің португалдық супержұлдыз тұрған қонақүйге ағылғанын хабарлады.

"Associated Press" дүйсенбі күні Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасының супержұлдыз Криштиану Роналдумен бірге Иранның «Персеполис» командасымен кездесу үшін Теһранға келгені туралы хабарлап: «Дүйсенбі күні жүздеген футбол жанкүйерлері Криштиану Роналдуды көреміз деп Теһрандағы қонақүйге ағылды»,- деп жазды. Жанкүйерлер «Роналду, Роналду» деп ұрандатып, қонақүйдің дәліздері мен қоғамдық орындарды толтырды. Иранға алғашқы сапарында Роналду сейсенбі күні Теһранда Арабстанның «Әл-Наср» клубымен «Персеполиспен» кездеседі.

Тегтер