Қыр 20, 2023 19:11 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иран жастары барлық қиыншылықтарды жеңе алады

Ислам революциясының жетекшісі мыңдаған жастардың қарым-қабілеттерінің гүлденуін Қасиетті қорғаныстың қуантарлық фактілері деп атап: "Иран жастары барлық қиыншылықтарды жеңе алады",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі бүгін, сәрсенбі Қасиетті қорғаныстың ардагерлері, таңылған соғысты түсіндіру және баяндауға қатысты түрлі сала белсенділерімен кездесуінде: "Ислам революциясы – теңдессіз құбылыс. Өйткені бұған дейін әлемде революция нәтижесінде бір мезгілде діни және халықтық үкімет құрылмаған болатын. Әлемдік алпауыттар жаңа сөз тіркестері, яғни ислам республикасы мен діни демократияны жойғысы келді. Олар әлі күнге дейін осы мақсатты көздеп келеді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи: "Америкалықтар басқыншыларға барлау ақпараты бойынша үздіксіз көмектесумен қоса, күресудің тактикалық тәсілдерін де үйретті. Француздар өздерінің ең дамыған әуе құралдарын Саддамға берді. Немістер химиялық қарулар жасауға қажетті жабдықтармен жарақтады. Кеңес одағы бастаған Шығыс блогы әуе және құрлықтағы мүмкіндіктерді Саддамның ықтиярына берді. Аймақтағы араб елдері оған есепсіз пұл берді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының үстемшілдер, Саддам және араб елдерімен майданда жалғыз күрескенін айтып: "Иран халқы осындай теңсіз соғыста жеңіске жетіп, өзінің абырой-айбынын асқақтатты",-деді.

Аятолла Хаменеи осы соғыста Иран халқының аумақтық тұтастықты сақтап, бір қарыс жер де бермегенін үлкен жетістіктердің бірі деп атап: "Иран халқының зор потенциалының ашылуы – Қасиетті қорғаныстың маңызды нәтижелерінің бірі. Шын мәнінде Иран халқы Қасиетті қорғаныс барысында өз әлеуетін анықтап, өз күш-қуатына сенді. Сондықтан дұшпандардың бәрі 8 жыл бойы Иранға қарсы соғысса да, ештеңе істей алмады",-деді.  

Аятолла Хаменеи: "Осы маңызды жеңістің нәтижесінде әлемде "қарсыласу" деген ұғым пайда болды. Палестина, Сирия, Ирак пен басқа да аймақтарда қарсыласу қозғалысы пайда болып, үздіксіз күресіп жатыр. Иран халқының істері Азия, Африка мен Латын Америкасы елдеріндегі ұлттарға үлгі болып отыр",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі өз-өзіне сену мәдениетінің пайда болып, нығаюын Қасиетті қорғаныстың мұғжизаларының бірі деп атап: "Әлемдік алпауыттар түрлі себептерге байланысты біздің аймағымызға ашкөздене қарап отыр. Сондықтан ИИР-дың рухани белсендігі және қарсыласу мәдениетінің шарықтауы АҚШ пен басқа елдердің ашу-ызасын тудырып отыр. Өйткені халықтардың қарсыласуы олардың аймақтағы мүдделеріне тосқауыл қоюда",-деді.

Тегтер