Әлем шиіттерінің он бірінші имамының шәһид болған күнінің жылдығына байланысты көңіл айтамыз
(last modified Sun, 24 Sep 2023 10:43:22 GMT )
Қыр 24, 2023 16:43 Asia/Almaty
  • Әлем шиіттерінің он бірінші имамының шәһид болған күнінің жылдығына байланысты көңіл айтамыз

Бүгін, жексенбі х.қ.ж.с.б. 1445 жылы 8 раби-ул-аууал, сәйкесінше 2023 жылы 24 қыркүйек – әлем шиіттерінің он бірінші имамы хазірет Хасан Аскяридің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығы.

Х.қ.ж.с.б. 260 жылы 8 раби-ул-аууалда Ислам пайғамбарының ұрпақтарының бірі имам Хасан Аскяри (ғ.) Ирактың солтүстігіндегі Самарра қаласында шәһид болды.

Имам Хасан Аскяридің (ғ.) әкесі хазірет имам Хади (ғ.) Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) ұрпақтарының бірі болса, ал оның анасы қайырымды да мейірімді ойшыл әйел болған.  

Имам Хасан Аскяри (ғ.) әкесі шәһид болғаннан кейін мұсылмандарды діни басқаруды өз қолына алды.

Бұл имам өзінің ғылым-білім мектебінде ізгі ойшылдар тәрбиеледі. Олардың әрқайсысы ислам ғылымының түрлі салаларында еңбектер жазып, исламдық танымның артуына әсерлі қадамдар жасады.  

Имам Хасан Аскяридің (ғ.) 29 жылдық ғұмырын үшке бөлуге болады: 13 жасына дейінгі бірінші кезең Мәдинада өткен, кейінгі 10 жыл Самаррада имаматқа дейінгі кезеңді қамтиды, үшінші кезеңде ол 6 жыл имам болған.