Қыр 29, 2023 20:43 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: Иранның саяси ықпалы жойылмайды

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы аймақ пен әлемде Иранның саяси ықпалы жойылмайтынын айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами бүгін, бейсенбіде Қасиетті қорғаныстың ардагер қолбасшыларымен кездесуінде жауынгерлердің жанпидалығына тоқталып: "Ислам революциясының 45 жылдық берекелі ғұмырында дұшпандар сіздер мен сіздердің балаларыңыздың табандылығына өштесіп өтті. Дұшпан жеңіліс тапты, тағы басқа қырдан кірді, бірақ әлсірей түсті",-деді.

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дұшпандардың жастарды намаз, хиджаб, тазалық, пәктік, Әһл-е Бейтке махаббаттан ажырату үшін олардың санасына шабуыл жасағанын айтып: "Дұшпан бізді өтірік айтып, жанжал жасап жеңгісі келеді, бірақ біз онымен шындыққа сүйеніп күресеміз. Жеңіс ақиқат жағында болмақ",-деді.

Тегтер