Иран ислам мен әлем елдері арасында ерекше ғылыми орынға ие
(last modified Sat, 30 Sep 2023 15:24:24 GMT )
Қыр 30, 2023 21:24 Asia/Almaty
  • Иран ислам мен әлем елдері арасында ерекше ғылыми орынға ие

ИИР Президентінің ғылыми-технологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары: "Революция жетекшісінің стратегиялық саясатының аясында қазір исламдық Иран ұлы ғалымдар мен білікті технологиялық компаниялары бар көрнекті ғылыми күшке айналды",- деді.

 

Рухолла Дехқани Фирузабади жұма күні кешке Исфахандағы Мұстафа (с.ғ.с.) сыйлығының бесінші кезеңінің ашылу салтанатында: "Елдің барлық салаларында ғылым мен технологияның дамуына стратегиялық көзқарас революция жетекшісінің саясатындағы маңызды тіректердің бірі және ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) осы саладағы ілімдеріне сәйкес келеді. 2013 жылы Иранның Жоғарғы мәдени кеңесінің бастамасымен құрылған Мұстафа (ғ.с.) марапаттау шарасы қазір бесінші рет өткізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін ғылыми журналдар ислам елдерінің Нобель сыйлығы деп санайтын сыйлығымен әлемнің 14 ғалымына марапаттады. Мұстафа (с.ғ.с.) ғылым және технология сыйлығының бесінші шарасына 40 елден ислам әлемінің жүзден астам ғалымы қатысуда.  Әртүрлі елдердегі ғылыми өндірістер қоғамның әртүрлі салаларындағы өсу мен жетілдіру көрсететін жолын және соның нәтижесінде экономикалық прогресті маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Иранның Ислам революциясының жеңісінен кейінгі мақтаныштарының бірі - бұл елдің ғылыми салалардағы өсуі мен белсенді қатысуы халықаралық форумдармен талай рет расталды. Мысалы, Ислам революциясының жеңісінен кейінгі кезеңде Иранның әлемдік ғылым өндірісіндегі үлесі 180 есе, ал ирандық зерттеушілердің мақалаларының саны Ислам революциясы жеңісінен кейінгі жылдарда 55 есе өсті.   

Ислам әлемінде InCites деректер базасының мәліметтері Иранның алынған дәйексөздер саны бойынша бірінші орында, жарияланымдар бойынша екінші және Н индексі (мақалалар саны мен сілтемелер саны) бойынша 57 исламдық елдер арасында төртінші орында екенін көрсетеді. «Web of Science» халықаралық сайты жариялаған есеп бойынша: «Иран 2019 жылы 10,4 пайыздық ғылыми өсу қарқынымен әлемнің 25 үздік елінің арасында екінші орында тұр. Сондай-ақ «New Scientist» және «Metrix Science» атты екі беделді ғылыми базаның есебіне сәйкес, Иран Ислам Республикасы 1980-2009 жылдар аралығында әлемдік орташа көрсеткіштен 11 есе өсу қарқынымен ғылыми өсуде бірінші орында тұр.

Бұл статистикалық мәліметтер Иранның ғылым мен технологияның ілгерілеу бағытында әлемнің кез келген елінен жылдамырақ алға жылжып келе жатқанын көрсетеді. Осылайша, Иранның әлемдік ғылым өндірісіндегі үлесі 1998 жылы 2020 жылғы 0,07 пайыздан 2 пайызға жетті. Бұл Иранның әлемдік ғылым өндірісіндегі үлесі ел халқының санымен салыстырғанда екі еседен астам өскенін білдіреді.