Иран Барлау министрі: Өткен күндері бірнеше өзін-өзі жарып жіберу әрекетінің алдын алды
Иран Барлау министрі өткен күндері халық арасында өзін-өзі жарып жіберу әрекеттерінің алдын алып: "Дұшпандар 30 қыркүйекке дейін лаңкестік әрекеттер жасауға тырысты",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исмаил Хатиб өткен бір-екі айда дұшпандардың жобаларына қарсы шығу үшін жүргізген кейбір оқиғаларға тоқталып: "Дұшпан өткен жылы әлемді ИИР-ға қарсы шығаруға бар күшін салды. Өткен жылы 50-ден аса барлау қызметі бірлесіп әрекет етті. 200-ден аса ақпарат құралы осы салада үздіксіз әрі тікелей қызмет етіп, санкциялар мен жан-жақты қысымдарды күшейтті",-деді.
Исмаил Хатиб ел ішінде деструктивті және лаңкестік әрекеттердің дұшпандардың тұрақсыздық жасап, қауіпсіздікті жою тәсілдерінің бірі екенін айтып: "Еуропа, Дания, Нидерланды, Германия, АҚШ пен сионистік режим осы операцияларға үздіксіз араласып, көп талпыныс жасады, бірақ нәтиже ала алмады",-деді.