Иран Ислам Республикасы армиясының бас қолбасшысы: Сионистік режим ерте күйреу жолында
(last modified Thu, 12 Oct 2023 11:47:45 GMT )
Қаз 12, 2023 17:47 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Республикасы армиясының бас қолбасшысы: Сионистік режим ерте күйреу жолында

Иран Ислам Республикасы армиясының бас қолбасшысы:  «Сионистік режим «әл-Ақса дауылы» операциясында қарсыласқан  Палестина халқынан алған ауыр әрі орны толмас соққы мен жеңілістің арқасында тезірек күйреу жолына түсті".

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдулрахим Мусави армия штабында өткен бірқатар армия офицерлерінің дәрежесіне көтеріу рәсімінде: "Ержүрек және шарасыз Палестина жастары мен халқының әл-Ақса дауылы операциясының ақылды жобасы сионистердің үрейіне себеп болды",- деді. Генерал-майор Әмір Мұсави балаларды өлтіріп жатқан сионистік режимнің әскери және барлау қызметінің сәтсіздіктері сол жауыз басып алушыны соңғы 75 жылдағы ең ауыр жағдайға душар еткеніне тоқталып: "Көптеген және бұрын-соңды болмаған сионистердің өлтірілуі, жарақаттануы және тұтқынға алынуы олардың өз әрекеттерінің нәтижесі және жазықсыз және жәбірленген палестиналық шәһидтердің қанды кектерінің өте аз бөлігі ғана",- деді.