Қалибаф:  Иранның Ислам революциясы Палестина мәселесін ислам әлемінің мәселесіне айналдырды
(last modified Sat, 14 Oct 2023 10:30:33 GMT )
Қаз 14, 2023 16:30 Asia/Almaty
  • Қалибаф:  Иранның Ислам революциясы Палестина мәселесін ислам әлемінің мәселесіне айналдырды

Иран Ислам Кеңесінің Төрағасы Иранның Ислам революциясының Палестина мәселесін ислам әлемінің мәселесіне айналдырғанын қуаттады.

 

Мұхаммад Бақер Қалибаф Теһрандағы Бағ-е Фейз шәһидтер мемориалында Газадағы палестиналық жастардың қозғалысының сионистік режимнің карикатуралық армия екенін көрсеткеніне тоқталып: "Палестина жастары Израильдің үлкен өтірік екенін дәлелдеді және бұл өтірік ешқашан шындыққа айналмайтынын көрсетті",- деді. Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қалибаф сондай-ақ: "Израилдіктер әрқашан өздерінің "Темір күмбезі" туралы айтып, әлемге әскерін дайындығы жоғары әрі күшті көрсетті және өздерін үйлесімді держава деп атады. Бірақ палестиналық жастардың Газадағы жуырдағы қозғалысы  Израил армиясының карикатуралық армия екенін көрсетті және олардың барлығы исламдық және палестиналық жауынгерлерден қашып, соғысудан бас тартқаны – ұят",- деп мәлімдеді.