Қалибаф: Газаға кіру сионистік режимге тозақ есіктерін ашады
(last modified Tue, 17 Oct 2023 12:01:45 GMT )
Қаз 17, 2023 18:01 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Газаға кіру сионистік режимге тозақ есіктерін ашады

Иран Ислам Кеңесінің Төрағасы  Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер Парламент Одағы төрағаларының кезектен тыс отырысында: "Газаға кіру сионистік режим үшін тозақ есіктерін ашады",- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Бақер Қалибаф вебинар түрінде өткен бұл кезектен тыс отырыста Палестинаға қарсы соғысты шешу саласында бес ұсыныс жасап, халықаралық қауымдастықтың қос стандарттарды қойып, сионистік режимді нақты айыптау үшін белсенді әрекет ету керектігін қуаттады. Қалибаф: " Ислам елдерінің парламенттері де Америкадан Газаға қатысты саясатын өзгертуін және қоршауды тоқтатуды талап етуі керек",- деп  мәлімдеді. Қалибаф сонымен қатар үшінші ұсынысында: "Ислам елдері бір-бірімен үйлестіре отырып, сионистік режимді қолдайтын компанияларды Газадағы палестиналықтардың құқықтарын бұзудағы рөлі үшін жауапқа тартып, бұл компаниялардан апартеид пен соғыс қылмыстарын қолдауды тоқтатуды сұрау керек",- деп айтты.

Ислам елдері парламенттерінің Палестинаны дәрі-дәрмек және азық-түлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Анголада өтетін Парламент Одағы төрағаларының отырысында палестиналықтардың құқықтарын қорғау Қалибафтың Палестинаға қарсы соғысты шешуге бағытталған келесі ұсынысы болды.