Иран Сыртқы істер министрі: Сионистік режим Палестинаға қарсы лаңкестік  әрекеттерін дереу тоқтатуы керек
(last modified Tue, 17 Oct 2023 13:05:03 GMT )
Қаз 17, 2023 19:05 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Сионистік режим Палестинаға қарсы лаңкестік  әрекеттерін дереу тоқтатуы керек

Иран Сыртқы істер министрі Ирландияның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуінде: "Сионистік режим Палестинаға қарсы лаңкестік және жапай қыру әрекеттерін дереу тоқтатуы керек",- деді.

 

 

IRNA-ның мәліметі бойынша,  Хұсейн Амирабдоуллахиан дүйсенбі күні кешке  Майкл Мартинмен  телефон арқылы сөйлесіп, сионистік режимнің дәрі-дәомек, су және азық-түлік сияқты гуманитарлық көмектердің жіберілуіне тосқауыл қою мақсатында Газа секторын қоршаудағы қылмыстарын айыптап: "Соғыстың басқа майдандарға кеңеюі сөзсіз кезеңге жақындады. Газа халқына су, азық-түлік және фармацевтикалық және медициналық заттарды жіберу үшін тезірек қолайлы дәліздер құру қажет",- деп мәлімдеді.  

Ирландияның Сыртқы істер министрі де басып алынған аумақтардағы шиеленістің таралуына алаңдаушылық білдіріп, бұл соғыста халықаралық гуманитарлық құқықтарды сақтау қажеттігін айтты.