Раиси: Әл-Момадани ауруханасындағы өрт сионистердің өзін жалмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i73098-Раиси_Әл_Момадани_ауруханасындағы_өрт_сионистердің_өзін_жалмайды
ИИР Президенті Ибрахим Раиси сионистік режимнің Газа секторындағы әл-Момадани ауруханасына жасаған шабуылына реакциясында: "Әл-Момадани ауруханасындағы өрт сионистердің өзін жалмайды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 18, 2023 17:10 Asia/Almaty
  • Раиси: Әл-Момадани ауруханасындағы өрт сионистердің өзін жалмайды

ИИР Президенті Ибрахим Раиси сионистік режимнің Газа секторындағы әл-Момадани ауруханасына жасаған шабуылына реакциясында: "Әл-Момадани ауруханасындағы өрт сионистердің өзін жалмайды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сейсенбі күні әлеуметтік желідегі өз парақшасында: "Газа секторының әл-Момадани ауруханасындағы палестиналық жаралылардың үстіне түскен америкалық-израильдік бомбалардың жалыны жуырда сионистердің өзін жалмайды",-деп жазды.

Иран Президенті: "Бірде-бір азат адам бұл соғыс қылмысына қатысты үнсіз қалмауы тиіс",-деді.

Раиси: "Иран халқы басқа ислам үмбеті сияқты қайғырып, сәрсенбі күнін аза тұту күні деп жариялады",-деді.